23 маусымда Сырдария облысының Гүлістан қаласында бір айлық нәрестені 18 мың АҚШ долларына сатпақ болған екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Сentralasian.org.
Сырдария облысы ішкі істер басқармасының ақпараты бойынша, ұсталған екі әйелдің бірі - сәбидің анасы, екіншісі - бала сатуда делдал болып жүрген әйел.
Дәлел ретінде ақшасы тәркіленген.
Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.
1 мамырда дәл осы аймақта Сардоба су қоймасы жарылып, елді-мекенді су басқан. 70 мың адам көшірілген. Апаттан 4,5 мың отбасы баспанасыз қалды.