$ 494.87  520.65  4.91

Медициналық маскалар мен қолғаптар жер бетін экологиялық апатқа ұшыратуға тақау

Түркия мен Еуропа елдерінде су түбінен табылған медициналық қалдықтар көбейген. Франция экологтарының пайымдауынша, жуық арада теңізде медузадан гөрі маска көп болуы мүмкін.
forumdaily.com
forumdaily.com

Пандемия кезінде сұраныс жоғары тауарлар – бір реттік маскалар мен медицииналық қолғаптар экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін. Жапонияның «Киодо» ақпараттық агенттігі осылай деп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Өйткені, Түркия мен Еуропа елдерінде су түбінен табылған медициналық қалдықтар көбейген. Франция экологтарының пайымдауынша, жуық арада теңізде медузадан гөрі маска көп болуы мүмкін. Себебі, таяуда мұнда 2 миллиардтан астам бетпердеге тапсырыс берілген.

Мамандардың айтуынша, бір ғана маска жүздеген жылдар бойы ыдырайды екен. Қазірдің өзінде оның қалдықтары балықтардың асқазаны мен тұздан табылып жатыр. Мамандар «тұрғындардың көбі медициналық қорғаныс құралдарын қалай кәдеге жаратарын білмейді» дейді.

Көп елде, тіпті, ол үшін қолайлы жағдай да жасалмаған көрінеді. Осы ретте экологтар көп реттік маскаларды қолдануға кеңес беріп отыр.

«Адамдар маска тағып, өздерін қауіпсіз сезінгісі келеді. Алайда, ол үшін пластик қолдану міндетті емес. Басқа материалдар толып жатыр», - дейді A Plastic Planet ұйымының негізін қалаушы Шан Сазерленд.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары