$ 443.85  474.3  4.8

Бейруттағы жарылыстан кейін бірқатар лауазымды тұлғалар қамауға алынды

Бейрут теңіз портының 16 қызметкерінің үстінен іс қозғалған.
фото: kazakh-tv.kz
фото: kazakh-tv.kz

Судья міндетін атқарушы, әскери соттың үкіметтік комиссары Фади Акики 137 адамның өмірін қиған жойқын жарылыс себептеріне қатысты 16 адамды, оның ішінде Бейрут портының лауазымды тұлғаларын тұтқындау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚазАқпарат сайтының жазуынша, тағы 18 адамнан жауап алынған.

«Қазіргі уақытта Бейрут портының Директорлар кеңесінің, кеден әкімшілігінің және жөндеу жұмыстарына жауапты лауазымды тұлғаларын, сондай-ақ осы жұмыстарды № 12 қоймада орындайтын адамдарды қоса алғанда, 18 адамнан жауап алынды. Осы қоймада бұрын жарылған 2750 тонна аммиак селитрасы кабельдермен және басқа да тез тұтанатын материалдармен бірге сақталған. Оның 16-сы тергеу аяқталғанға дейін қамауда болады», - деп түсіндірді Ф.Акики. 

Сонымен қатар, Ливан Орталық банкінің (Banque du Liban) Тергеу жөніндегі арнайы комиссиясы Бейрут теңіз портының жеті қызметкеріне тікелей немесе жанама түрде тиесілі банктік құпияны жою (ашу) және шоттарға тыйым салу туралы бұйрық шығарды. 
Олардың арасында қазіргі кеден қызметінің бас директоры Хасан Курайтам және Порт кеденінің директоры Бадри Дахер бар. Аталған бұйрықтар тиісті сот ордеріне сәйкес шығарылды. 

Мұны ресми тұлғалар мен Banque du Liban дереккөздері растайды. Банктің «Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес арнайы тергеу комиссиясы» бөлімшесінен алынған құжатта жеті қызметкердің есімдерінің тізімі көрсетілген. Атап айтқанда Хасан Курайтам, Шафик Марги, Бадри Дахер, Наиль әл-Хадж, Мишель Нахул, Джордж Дахер және Нигмат Әл-Бракс. Олардың көпшілігінің лауазымдары немесе жұмыс орындары көрсетілмеген. Аталған тұлғалардың шоттары Ливанда жұмыс істейтін барлық қаржы мекемелерінде, филиалдарында тоқтатылады. Banque du Liban-ның 2020 жылғы 6 тамыздағы бұйрығында «бұл шоттардың құпиялылығын құзыретті сот органдары алып тастауы керек» делінген. 

Оқи отырыңыз: Бейрут қаласында жарылыс болып, Қазақстан елшілігінің ғимараты зақымданды (ВИДЕО)

Банк Banque du Liban тергеуі жөніндегі арнайы комиссияға шығарылған шешімнің көшірмелерін Кассациялық соттың прокурорына, Жоғарғы банктік комиссияның басшысына, Ливанда жұмыс істейтін барлық банктер мен қаржы мекемелеріне және басқа да мүдделі тараптарға ұсынуды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары