Иранда шахта опырылып түсіп, салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы бір адам жараланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы «Хабар 24», Fars агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Оқыс оқиға Керман провинциясында орналасқан Ходжедк қаласының аумағында болған. Сондай-ақ зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылған. Апаттың себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.