Австралияның Мельбурн қаласында карантинге қарсы наразылық шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар24» телеарнасы.
Пандемияны мойындамайтын белсенділер шеруге алдын ала өзара келісіп шыққан. Полиция осы шара кезінде карантин тәртібін бұзған ондаған шерушіні қамауға алды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Австралияда індеттен 810 адам қайтыс болды. Өткен тәуліктің өзінде 7 адам көз жұмған.