Арменияда шеруге шыққандар мен парламент спикері Арарат Мирзоянның күзетшілері арасында қақтығыс болды. қақтығыс нәтижесінде спикер соққыға жығылды, деп хабарлады Sputnik Армения агенттігі.
Наразылық білдірушілер көлікте отырған Арарат Мирзоянды күштеп шығаруға тырысқан. Шерушілер көлікті қоршап, боқауыз сөздер айтып, айқайлаған. Алдымен күзетшілер мен наразы топ арасында кішігірім қақтығыс болып, артынша кейін бір топ ер адам Мирзоянды ұрып-соққан.