$ 494.87  520.65  4.91

Чехиядағы жарылысты Ресейдің барлау қызметі ұйымдастырғаны анықталды

Бүгін Чех өкіметі басшысы Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтатуға шешім жасады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Чехия Ресейден «Спутник V» вакцинасын сатып алғалы отыр еді. Енді оны сатып алмайды. Арадағы келісім шарт үзілді. Чехияның премьер-министрі Андрей Бабиш елінен Ресейдің 18 дипломатын шығаруға шешім жасады. Бұған себеп болған, 7 жыл бұрын Чехиядағы боеприпастағы жарылысты Ресей билігі ұйымдастырғаны анықталды, деп жазады Адырна.кз порталы

Соған қатысты Чех билігі ресейлік Александр Петров пен Руслан Боширов екеуіне халықаралық іздеу салған. Мәскеу өз азаматтарын біле тұрса да, ешқандай шара қолданбағандықтан, бүгін Чех өкіметі басшысы Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтатуға шешім жасады.

Чех өкіметі 48 сағаттың ішінде, яғни екі тәулікте ресейлік дипломаттарға елден шығып кетуді бұйырып отыр. Чехия боеприасындағы жарылыс Ресейдің жоғары барлау басқармасының тікелей нұсқауымен іске асқанын Чехияның арнайы тексеру орындары анықтағанын Андрей Бабиш мәлімдеді.

Жарылыстан екі адам қайтыс болып, маңайындағы елді мекендер эвакуацияланған. Жарылыс Чехияның Врбетице қаласындағы беоприпасында осыдан 7 жыл бұрын орын алған.

Осы жарылыстарды жасаған ресейлік Александр Петров пен Руслан Боширов екеуіне Ұлыбританияда да Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны улап кеткен деген айып тағылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары