Мьянмаға COVID-19 ошағын көбейтіп, бүкіл өңірге бақылаусыз тарататын елге айналу қаупі төніп тұр деп жазды Sputnik.
Бұл туралы БҰҰ-ның Мьянмадағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Том Эндрюс мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Мьянма коронавирустың супер таратушысына айналып барады. Оның арасында өте қауіпті әрі жұқпалы "дельта" және басқа штаммдар да бар. Бұл көптеген себепке байланысты өте қауіпті нәрсе", - деді ол.
Маманның айтуынша, Мьянмада COVID-19-дан қайтыс болғандар мен жұқтырғандардың нақты саны белгісіз. Ол мемлекет Жер шары халқының үштен бірі тұратын елдермен шектесетінін еске салды.
"Бұл коронавирус ұлттарды, шекараны, идеология мен саяси партияларды құрметтемейтіні туралы жай ғана факт. Ол дискриминацияны білмейтін қанішер", - деп атап өтті Эндрюс.