$ 494.87  520.65  4.91

3 жастан асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілгені рас па?

Қазақстанда 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау мәселесі қарастырылуда.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) үш жастан асқан балаларға Қытайдың Sinopharm вакцинасын қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тиісті шешімді БАӘ Денсаулық сақтау министрлігі Абу-Дабидегі 900 еріктіні сынақтан өткізгеннен кейін қабылдады. Алайда, зерттеу нәтижелері әлі жарияланған жоқ.

БАӘ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тамыздың басында халықтың 78 пайыздан астамы - шамамен 9 миллион адам вакцинаның алғашқы дозасын алды. Вакцинацияны 70 пайызға аяқтадық, дейді ел Үкіметі.

Айта кетерлігі, Қазақстанда 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау мәселесі қарастырылуда. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды вакцинациялау тек ата-аналарды таңдау құқығымен ерікті болатынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары