$ 498.34  519.72  4.85

«Донбасс ешқашан Ресей аумағына кірмейді» - Зеленский

Ел президенті Донбасс тұрғындарына үндеу жолдады.
Фото ©REUTERS
Фото ©REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский Донбасс ешқашан Ресей аумағына кірмейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Донбасс пен Қырымда тұратын халық осыны түсінуі керек. Бұл біреуді бір жерден қуып жатқандық емес. Жәй ғана түсінгенін қалаймын. Егер уақытша жаулап алынған Донбасс аумағында тұрсаңыз және "біздің ісіміз дұрыс, біз Ресейге барамыз, біз ресейлікпіз" деп ойласаңыз, Донбаста тұру үлкен қателік. Бұл ешқашан Ресей аумағы болмайды. Ешқашан. Оның қашан басып алынғаны маңызды емес, түсінесіз бе? Бұл Германиядағы қабырға сияқты. Бұл маңызды емес", - деді Владимир Зеленский "Дом" телеарнасына берген сұхбатында. Видо үзіндісі Telegram-арнада жарияланды.

Ел президенті Донбасс тұрғындарына үндеу жолдады.

"Ресейді жақсы көрсеңіз, бүкіл өміріңізді Украина аумағында өткізгеніңізбен, бұл Ресей деп сезінсеңіз... Егер сіз Ресейді сағынсаңыз, Отаным деп санасаңыз балаларыңыз бен немерелеріңіз үшін қазірден бастап Ресейден орын іздеңіз. Себебі Украинасыз бұл аумақта өркениет болмайды. Украина дамиды, бұл өлкенің өсуі үшін бәрі салынады. Бірақ егер сіз өзіңізді украин сезінсеңіз, егер сіз осы елдің туын құрметтесеңіз, Украин мовасын (тілді) құрметтесеңіз осында қалыңыз. Бұл жер бәрібір кез келген жағдайда қайтырлады. Бұл тарих. Мұнда "қалыпты" - "қалыпты емес" деген жоқ. Сен кімсің? Соған жауап іздеңіз", - деді Зеленский.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары