$ 448.15  483.46  4.86

Красноярскіде «қара аспан» режимі енгізілді

Мұндай шара Якутиядағы орман өртіне байланысты қабылданған.

Красноярскіде 3 тәулікке «қара аспан» режимі енгізілді. Бұл туралы жергілікті экология  министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, мұндай шара Якутиядағы орман өртіне байланысты қабылданған. Енді осы уақыт аралығында барлық кәсіпорындар ауаға кететін зиянды заттар шығарындыларын азайтуы тиіс. Естеріңізге сала кетейін, аймақтағы алапат өрт шілдеден бері жалғасып келеді. Соның салдарынан мыңдаған елді мекен түтінге тұншығып отыр.

nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары