$ 443.85  474.3  4.8

Якутиядағы орман өрті ауамызға әсер етті

Дала өрті Шығыс Қазақстан облысының атмосфералық ауа сапасының нашарлауына әкелді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Якутиядағы орман өртінің түтіні еліміздің ауа сапасына әсер еткен, деп хабарлайды ЭК.

— Тамыз айының бірінші онкүндігінің ортасынан бастап, Батыс Сібірдің үстінде биік циклон орналасты. Бұл орман өрті болып жатқан Якутия аймақтарынан Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауа массасын тасымалдауға ықпал етті. Бұдан әрі орман өрттерінен түтін пердесінің шлейфі Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне біртіндеп таралды. Сонымен қатар жергілікті дала өрті Шығыс Қазақстан облысының атмосфералық ауа сапасының нашарлауына әкелді, — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

ЭК осыған дейін Павлодар тұрғындарының түтінге шағымданған жазған еді. Сол кезде төтенше жағдайлар департаменті түтіннің экологияға әсері болмайтынын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары