$ 494.87  520.65  4.91

Алжирде де орман өртеніп, 42 адам көз жұмды (видео)

Ел астанасының шығыс бетіндегі аймақта көптеген үй отқа оранып, 17 бейбіт тұрғын ысқа уланып өлген.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алжирде белгісіз біреулер орманға от қойып, 42 адам қаза тапты, деп хабарлайды ЭК.

Ел астанасының шығыс бетіндегі аймақта көптеген үй отқа оранып, 17 бейбіт тұрғын ысқа уланып өлген. Өртті өшіруге көмекке келген әскерилердің арасында 25 жауынгер қаза тапты, деп мәлімдейді ВВС агенттігі.

Тизи-Узу ауданындағы орманды өшіруге қарапайым тұрғындар атсалысуда. Олар қолына бұтақ алып, пластмас ыдыспен су тасып, өртті өшіруге барын салып жатыр. Шарасыз үкімет шетелдік серіктестерінен көмекке ұшақ сұрауда.

Елдің ішкі істер министрі Камел Бельджуд провинцияның бірнеше аймағында бірден 50 шақты орман өртінің шығуын қаскөй адамдардың әрекеті деп бағалап отыр.

Бір мезетте басталған өрттен елдің 16 провинциясында ормандар тыа-типыл боп күлге айналып, көптеген адам баспанасыз қалды. Қазір осы өрттен келген шығын есептелуде. Үкімет зардап шегушілердің барлығына шығынын өтеп береміз деп уәде беріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары