$ 449.58  486.94  4.86

Қытайдың 19 әскери ұшағы Тайвань кеңістігіне кірді

Бұл оқиға бойынша Бейжің тарапы ешқандай мәлімет бермеген.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қытайдың 19 әскери ұшағы Тайваньның әуе қорғаныс кеңістігіне кірген. Бұл туралы Тайвань билігі ресми мәлімдеме жасады. Тайвань  Қораныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Қытай Халық-азаттық армиясының әуе күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары мен ядролық қару тасымалдаушы ұшақтарын қамтыған 19 әскери ұшақ Тайвань әуе қорғаныс кеңістігіне кірген.

Ресми мәліметте айтылуынша, жексенбі күні әуе қорғаныс кеңістігіне кірген қытайлық ұшақтар арасында ядролық қару тасымалдайтын 4 бірдей H-6 бомбалаушы ұшағы да болған. Тайвань әуе қорғаныс күштері Қытай ұшақтарына ескерту жасау үшін зымыран қосалқысы бар ұшақтары мен шабуылшы истербительдер жіберген.

Бұл оқиға бойынша Бейжің тарапы ешқандай мәлімет бермеген. Қытай үкіметі Тайвань  тарабынан қандай да бір өздеріне жағымсыз мәлімдемелер мен әрекеттер болған кезде әуе күштері арқылы қысым жасауды көп уақыттан бері қайталап келеді.

Бір жылдан аса уақыттан бері Тайбей билігі Қытайдың әскери ұшақтарының ел кеңістігіне кіруі бойынша шағымданып келген болатын. Бейжің Тайуанда ҚХР құрамындағы провинция деп санайтын болса, Тайбей өзін дербес мемлекет деп санайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары