Ресейдің бизнес және саяси элитасының ортасында президент Владимир Путинге қарсы оппозициялық ықпалды адамдар тобы құрылды, олар оны өлтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады РФ Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы.
Министрліктің мәлімдеуінше, аталмыш топтың алдына қойған негізгі мақсаты - Путинді тез арада биліктен кетіру және Украинадағы соғыс салдарынан жойылған Батыспен экономикалық байланыстарды қалпына келтіру.
"Ресей Федерациясының ресейлік саяси элитасының белгілі бір бөлігі Путиннің мұрагері ретінде - Ресей ФФҚҚ директоры Александр Бортниковты қарастырып отыр. Жақында Бортников орыс диктаторы тарапынан қуғынға ұшырады. ФФҚҚ басшысының қуғынға ұшырауының ресми себебі - Украинаға қарсы соғыстағы есептен жаңылыс салдарынан орын алған қателіктер, - делінген хабарламада.
Дәл Бортников пен оның агенттігі халықтың көңіл-күйіне және украин армиясының қабілетін талдауға жауапты болды.
Бортников және Ресей элитасының басқа да ықпалды өкілдері Путинді биліктен шығарудың әртүрлі нұсқаларын қарастырып жүргені белгілі болды. Атап айтқанда, уландыру, кенеттен ауруға шалдығу немесе басқа да "кездейсоқтық" жоққа шығарылмайды.
"Адырна" ұлттық порталы