Облыс орталығына басқыншылар бірнеше соққы жасаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Харьковте бірнеше жарылыс болды. Өте сақ болыңыздар», - деді қала мэрі Игорь Терехов.
Жарылыс Харьков кәсіпорындарының бірінде болған. Алдын ала болжам бойынша әуеден шабуыл әкімшілік-өндірістік ғимаратқа жасалған. Шығынды арнайы мекеме анықтайды.
Облыс орталығында болған жарылысты облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Синегубов растады.
«Харьков тұрғындары, қауіпсіз жерде болыңыз. Ресей басқыншылары облыс орталығына соққы жасады», - деді губернатор.