04.11.2022, 15:00

Жерар Пике «Барселонадан» кететінін және мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Сурет: Instagram/3gerardpique
Мен Барселонадан соң басқа команда болмайтынын үнемі айтып келемін.

"Барселонаның" 35 жастағы қорғаушысы Жерар Пике испан футбол клубынан кететінін және мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболшының айтуынша, оның барлық бала кездегі армандары орындалған. Ол енді "осы сапарды аяқтайтын кез келді" деп шешіпті.

"Мен Барселонадан соң басқа команда болмайтынын үнемі айтып келемін. Бұл сенбідегі ойын менің "Камп Ноудағы" соңғы ойыным болады", - деді Жерар Пике.