7 қарашаға қараған түні Дубайдағы орталықта жаппай өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Emaar әзірлеуші компанияның зәулім ғимараты өртеніп жатыр. Бұл компания Бурдж Халифаны салғаны белгілі.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды куәгерлер әлеуметтік желіде жариялады.
Видеода зәулім ғимараттың барлық қабаттарын шарпыған өртті көруге болады.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен басқа да төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар туралы ақпарат әлі түскен жоқ.