$ 443.85  474.3  4.8

Сеулде пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам жапа шекті

Пойыздың 6 вагоны рельстен шығып кеткен, оның бесеуі жолаушылар вагоны болған.

Жексенбі күні Сеул қаласының орталығында пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пойызда 275 жолаушы болған. Ол Солтүстік Чолла провинциясында орналасқан Иксан қаласына (Сеулден 18 км қашықтықта орналасқан) бара жатқан. 
Пойыздың 6 вагоны рельстен шығып кеткен, оның бесеуі жолаушылар вагоны болған. 
Болған оқиғаға байланысты осы желі арқылы өтетін пойыздар бір сағатқа тоқтатылды.

Болған жайтқа байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#поезд #Сеул