Дональд Трамп 15 қарашада Флоридадағы резиденциясында маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дональд Трамп президент сайлауына түсетінін жариялауды талқылап жатқаны мәлім болған еді. CNN Трапмп мәлімдемені қарашаның аяғына таман жасауы мүмкін деп жазды.
Трамптың пікірінше, 8 қарашада өтетін аралық сайлау, оның қорытындысы бойынша Республикалық партия өкілдері АҚШ Конгресінің екі палатасында да көпшілік орынға қол жеткізе алады, бұл ел үшін тиімді болмақ.
АҚШ-та президентті сайлау 2024 жылдың қарашасында өтеді.