НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың Польшаға құлаған зымырандарға қатысты шешімін жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шешім НАТО-ға мүше елдер өкілдерінің арнайы отырысынан кейін болған брифингте жарияланды.
Польша территориясына келіп түсіп жарылған снаряд Украина Әуе қорғанысы күштерінікі. Алайда, бұл төтенше жағдайға байланысты айып Украинаға емес, осы зұлым соғысты бастап берген Ресейге тағылады, – деді Йенс Столтенберг.
Саясаткердің сөзінше, зымыранды Польша аумағына қасақана түсіру көзделмегендіктен, РФ әрекетін НАТО елінің территориясына жасалған шабуыл ретінде қабылдауға болмайды.Аладығ уақытта мұндай жағдайлар қайталанбау үшін НАТО Польша аспаны үстіне бірнеше қорғаныс жүйелерін қоймақ.
Айта кетсек, Польшаның Украина шекарасына жақын Пшеводув ауылына екі зымыран құлап, 2 адам қаза тапты.