$ 494.87  520.65  4.91

Бақытбекпен бірге Баянның басынан бағы да кетті – блогер

Танымал тележүргізуші әрі продюсер Баян Мақсатқызының тұрмыс-тіршілігі үнемі ел назарында жүреді, оған халықтың да бойы үйреніп қалғандай. Оның әрбір іс-әрекетіне біреулер тамсанып таңдай қағып жатса, өзгелері өткір сынның астына алуды «әдетке айналдырған».

Мақтайтындар Баянның іскерлігін, еңбекқорлығын үнемі алға тартады. Ал, даттайтындар оның жастарға теріс тәрбие беріп жатқанына наразы. Әсіресе, тележүргізуші өз күйеуі бола тұра өзге еркекпен ойнас құрғаны үшін көпшіліктің ашуын туғызған болатын. Бұдан бөлек, ол жүрген жерінде жастарға «ұят дегенді жиыстырып, махаббаттарың үшін күресіңдер» деген ақылын айтудан жалыққан емес. Жұрт Баянды сол үшін де көп сынады.

Экс-Есентаеваның әрекеттерінен тәрбиеге жат қылық көретіндердің бірі – шымкенттік танымал блогер Айгүл Орынбек. Оның пікірінше, Баянның бағы былтыр бұрынғы күйеуі Бақытбекпен бірге келмеске кеткен. Ал, қазіргі жаңа күйеуі Тұрсын Алагөзов болса Баянның абыройын тек төгумен келеді дейді ол.

«Баянды Баян қылып, өнердің шыңына жеткізген Бақыт екеніне күннен күнге көзім жетіп келеді. Баянның басынан бақыт құсы ұшты. Ол бақытты өзі ұшырды. "Еркекті намыс өлтіреді" демекші, Бақыт осы уақытқа дейін Баянның бірде-бір жаман қылығын көрсетпеген екен. Бəрібір қазақтың текті ер азаматтары мықты ғой! Ал, қазір таңдаған Тұрсыны Баянның артын күнде ашып əлек. Қазақ болмаған соң қазақ қыздарының ар-намысына пысқырғаны бар ма?! Инстаграмға неше түрлі ашық-шашық суретін шығарып жүрген Тұрсын бізге не айтпақшы? Қазақ қыздарының Сұлулық символыны айналған Баяндарыңды ел алдында шешіндіріп жатырмын демекші ме? Баян танымал болу үшін енді тек тыржалаңаш шешінуі қалды ма? Бақытбек елге көрінбей жүріп-ақ сені өзінің музасы, елдің сұлулық символына айналдырды ғой. Бақытбек барда сен Баян едің, қазір сен шаянға айналдың», – деп жазды заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек өзінің Facebook-парақшасына.

Оның дәл осындай ауыр сын жазуына Тұрсын Алагөзовтың Instagram әлеуметтік желісіне Баянның төсін жартылай жалаңаштаған суретін жүктеуі себеп болған сияқты.

Еске салайық, Баян Мақсатқызы былтыр өлім аузынан қалған болатын. Оны өзінің бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев көліктің ішінде пышақтап өлтірмекші болған. Алайда, араға қыздары түсіп, анасының өмірін аман алып қалуға себепкер болды. Ал, Бақытбек болса 12 жылға сотталып, қазір түрмеде жазасын өтеуде. Ұзақ уақыт емделген Баян өзіне келген соң журналистерге сұхбат беріп, өзінің расымен де күйеуінің көзіне шөп салғанын, ол үшін еш ұялмайтынын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары