Иә, оның жеңгетайлығы бар болса бар шығар, бірақ ол ұры емес. Орыстар "ұсталмаған ұры емес" деп жатады ғой, мұны да ұрлық үстінен ұстап алған ешкім жоқ. Сондықтан, құдайшылығын айту керек, "аң патшасын" (достары оны солай атайтын) "ұры" деп айыптау - жағылған жала.
"Жеңгетай", "сутенер" немесе "мамочка" деп айыптап жатса амалсыз үндемеген болар едік. Өйткені, біздің браттың бұл салада расымен де үлкен тәжірибесі бар. Оқу орнын басқарып отырған кезде 1-курсқа келген талай қаракөз бойжеткеннің "сауабын алған". Тиісінше, тек қыздардың ғана емес, ел билеп отырған үлкен тұлғалардың да алғысына бөленіп келгенін бүкіл жұрт біледі. Тіпті, элита арасында оның "құрметті сутенер" деген мәртебелі атағы да бар. Ал, біреудің қалтасына қол салғанын ешкім көрген де, естіген де емес.
Бұл әңгімені не үшін айтып отырмыз? Күні кеше бүтін бір елді басқарып отырған саясаткер біздің "мамочканы" қараптан-қарап ұры деп айыптады. Бәлкім оның көзіне елді басқарып отырғандардың бәрі ұры болып көрінетін шығар. Өйткені, осыншама жерасты және жерүсті байлықпен халықты кедейлікте ұстау расымен де тек ұры биліктің ғана қолынан келетін іс. Әлгі президент осыны негізге ала отырып, "Мистер гламурды" ұры деп атағанына сенімдіміз. Бірақ, тағы да айтамыз, ол ұры емес!
Ағамыз соңғы екі жылда онсыз да көрмегенді көрді. Оның орнында өзге біреу болғанда осыншама келемеж-күлкіден кейін асылып өлмесе де, жапан далаға жалғыз өзі безіп кетер еді. Құдай ағамыздың жүрегіне керемет сабыр берген екен қайта. Бірақ, көрінгенге оны тілдете берсек елдігімізге сын емес пе? Дос-дұшпан жай жеңгетайды ұры деп жатса, ертең ұрыларымызды не дейді, педофил дейтін шығар? Рас, арасында педофилдері, гомосектері бар, бірақ бәріне топырақ шашқызуға жол бермеуіміз керек. Жұдырықтай жұмылып, сыртқы күштерге қарсы тұрмасақ, ертеңіміз бұлыңғыр. Алайда... сутенер үшін тұрып берді деген тағы жаман. Енді әркім өзі білсін дейміз де.
Жалпы, ағамызды сабырлы деп жатырмыз ғой, расымен де жұрт не айтып жатса да құлақ аспай, қазір сол бұрынғы жұмысын мүлтіксіз орындап келеді. Қайта бұрын жоғарғы эшелонды тек қыздармен қамтамасыз етіп келген болса, бүгінде көркі көз тартар жігіттерді Сол жағалауға жиі тасып отырады. "Оларға сұраныс жоғары" деп өзі жымиып қоятыны да бар арасында. Оның ең керемет қасиеті - дүниенің соңына түспегендігі. Ол - өнердің адамы болып туылған және өнердің адамы болып қала бермек, ең бастысы, ол - ұры емес!
Азамат ЕСЕНОВ