$ 449.58  486.94  4.86

Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Жансейіт Түймебаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Twitter-парақшасында мәлімдеді.

Жансейін Қансейітұлы Түймебаев 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін және Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 1993 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінен бастады. Қазақстанның Ресейдегі, Түркиядағы және Албаниядағы Төтенше және уәкілетті елшісі қызметтерін атқарды.

2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалған.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және уәкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

2011 жылдың 3 наурызынан бүгінгі күнге дейін Албаниядағы дипломатиялық миссияны басқарған.

Ал, бұған дейін ОҚО әкімі болған Бейбіт Атамқұлов қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары