Бүгін түнде Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«1 сәуір сағат 01.15-тегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді» делінген ақпаратта.
Сонымен, Атырау облысы бойынша барлығы – 16 адам, ал осы сағатта республика көлемінде жалпы 343 науқас тіркелді.
Коронавирусқа шалдыққандардың ең көбі – Нұр-Сұлтан қаласында, 178 адам. Одан кейін Алматы қаласында 82 адам ауырып жатыр. Тиісінше, жазылып шыққан 24 адамның да басым бөлігі – Нұр-Сұлтан қаласынан, 16 адам. Қалған 8-і – алматылықтар. Өкінішке қарай, 2 адам осы індеттің салдарынан көз жұмды.