14.04.2020, 01:55

«Бізге олардың ақшасы керек емес!»: дәрігерлері шырылдап жүрген аурухана карантинге енді жабылды

фото: infor.kz
«Олар енді науқастарды қабылдамайды. Бәрін бүтіндей жапты», – деді Айзат Молдақасымова.

Алматыда №12 орталық қалалық клиникалық аурухана толықтай карантинге жабылды, деп мәлімдеді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

«№12 аурухана толығымен карантинге алынды. Олар енді науқастарды қабылдамайды. Бәрін бүтіндей жапты», – деді ол.

Айта кетсек, коронавирусты Алматыда тағы 27 медицина қызметкерінің жұқтырғаны белгілі болған. Олардың 21-і – әйел және 6-ауы – ер адам, араларында бір жүкті әйел бар.

Осы мәселені қадағалап, біге-шігесіне дейін зерттеп жүрген тележүргізуші Ирина Советжанқызы facebook парақшасына күн сайын бірінен соң бірі індетке шалдығып жатқан №12 аурухана дәрігерлерінің президенттен көмек сұрап жазған хаттарын жариялады.

Тағы оқи отырыңыз: «Адам саны ресми цифрдан да көп болуы мүмкін»: Алматыда бір ауруханада 20 дәрігер індетке шалдыққан

Нақты айтқанда, журналистке «Бізге олардың ақшасы керек емес», «Бізді қорқытып жатыр» деп шағымданған олар, бір аптадан бері шырылдап келеді.