Нұр-Сұлтанға ұшып келген 122 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 8 қазанда Нұр-Сұлтан әуежайына Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai әуе компаниясының ұшақтары қонды, бортта барлығы 828 жолаушы мен 36 экипаж мүшесі болды. 122 жолаушының ПТР-тестілері болған жоқ, олар стационарлық карантинге орналастырылды.
"Дене қызуы жоғары болған жолаушылар анықталған жоқ. ПТР тестін тапсырғаннан кейін жолаушыларды үйлеріне жібереді, оң нәтиже болған жағдайда инфекциялық стационарға жібереді. 7 қазанның кешінен 8 қазанның таңына дейін Дубай, Анталия, Ыстамбұл, Мәскеу, Франкфурт және Екатеринбургтен жеті рейс келді", - дейді әуежайдың баспасөз қызметіндегілер.