$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда 8 оқушыдан коронавирус анықталды

Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының 96% қашықтан оқып жүр.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Алматыда қашықтан оқып жатқан 8 оқушыдан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Онлайн брифинг барысында қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қоғамдық денсаулық сақтау департаменті күнделікті мектеп оқушыларында COVID-19 дертінің бар-жоғын тексеру үшін талдау жүргізіп отырғанын айтты. 

«Бүгінде 8 бала есепке тіркелді. Оның барлығы - қашықтан оқитын балалар. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының 96% қашықтан оқып жүр. Сонымен қатар, қаланың 133 (64%) мектебінде 11 840 баланы қамтыған 923 кезекші сынып ұйымдастырылды. Кезекші сыныптар санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жинақталған, әр сыныпта оқушы саны 15 адамнан аспайды. Мектептердегі оқу процесін ұйымдастыруда мектеп алдында тұрған басты міндет - балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді Қайрат Жұманов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары