Денсаулық 20.10.2020 сағат 06:27

COVID-19: «Күздегі жағдай жаздан да сорақы болады» - Билл Гейтс

Гейтстің айтуынша, қазір вирусты жұқтыру деңгейі өсуде, ал суық ауа райының басталуымен адамдар жабық жерлерде көбірек уақыт өткізе бастайды.
COVID-19: «Күздегі жағдай жаздан да сорақы болады» - Билл Гейтс
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс күзде коронавирусқа қатысты жағдай бұрынғыдан да нашар болатынын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Oinet.kz Fox Business-ке сілтеме жасап.

"Күздегі жағдай жаздан да сорақы болады" - деді ол. 

Гейтстің айтуынша, қазір вирусты жұқтыру деңгейі өсуде, ал суық ауа райының басталуымен адамдар жабық жерлерде көбірек уақыт өткізе бастайды, бұл инфекция санының өсуіне әкеледі. Одан бөлек, Microsoft негізін қалаушысы вакцинаның дүниеге келуіне дейін адамдар тек бір жағдайда аман қала алады. Бұл олардың тікелей жүріс-тұрысына қатысты. 

"Өкінішке қарай, бұл мәселеге қатысты жәйбасарлық пен негативті ой қалыптасып қалды. Қазіргі уақытта АҚШ-та бетперде тағу режимі қалыпты деңгейде сақталып жатқан жоқ", - деді ол.

Осыған дейін, Билл Гейтс коронавирустан кейінқалыпты жағдайға келу үшін не қажет екенін айтқан болатын. Ең жақсы дегенде, бұл пандемия 2022 жылы аяқталатынын айтты. COVID-19 вирусы алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында тіркелді. Содан бері бүкіл әлемде 38,5 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, 1,09 миллионнан астам адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта вирусты АҚШ-та 7,9 миллион адам жұқтырған.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар