Қазіргі кезде 1 доллар құны 257 теңге көлемінде белгіленуде. Алайда сауда әлі жүріп жатқандықтан, соңғы құны бұдан төмен болуы мүмкін. Кеше сарапшылар доллардың орташа бағамы 230 теңге шамасында болуы керек деген пікір білдірген еді.
Естеріңізге сала кетсек, «Halyk Finance» инвестициялық банкінің зерттеу департаментінің директоры Сәбит Хакімжанов «Біз доллар құны 230 теңге болуы қажет деп есептейміз» ,- деген еді. Ал, экономист Олжас Құдайбергеновтың жазуынша, жедел девальвацияға өзі қарсы және мұндай жағдайдың болмауы үшін бар күшін салған. «Бірақ, байқауымша бізге шекаралас елдердің басынан өткергенді кешуге тура келетін секілді. Соңына дейін олай бола қоймас деп үміттенемін», — деген болатын.