$ 498.34  519.72  4.85

Мұнайдың бағасы 20 долларға дейін түсуі мүмкін

Иранға санкциялар алынып, олар мұнай нарығына кірсе мұнайдың бағасы 20 долларға дейін түсіп кетеді деген болжам бар.

Осы жөнінде ОКҚ брифингінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов 3-5 жылда экономикамыздың тұрақталуына арналған реформалардың дайындалып жатқандығын айтты, деп жазады BAQ.KZ.

“Əлемде орын алып жатқан жағдайларда əрі қаратай қалай тіршілік ететіндігіміз үлкен мəселе болып отыр. Егер əлемдік нарыққа жаңадан мұнай келсе, мұнайға жаңа баға қойылса 3-5 жылдың ішінде экономиканы одан əрі қалай дамытатындығымызды ойластырудамыз. Сондықтан үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп арнайы реформалар дайындап жатыр. Сол реформалар арқылы, менің ойымша осы 3-5 жылдың ішінде біз тек қана Ұлттық қорға қарамай, өзіміз экономикалық əртараптандыру жасап, экономикамыз тұрақталады”, – деді Келімбетов.

Сондай-ақ, Келімбетов Ұлттық қорда 68 млрд доллар қаражат барын, елдің жалпы резерві 97 млрд долларды құрайтынын айтты.

“Ұлттық қорда 68 млрд доллардан астам ақшамыз бар. Ұлттық банктің резерві 29 млрд долларға жақын. Жалпы біздің резерв 97 млрд долларды құрайды. Менің ойымша ол өте жақсы нəтиже. Өйткені 10 жыл бұрын біздің экономикаға көп ақша келіп, соны болашаққа сақтай алдық. Бірақ тек осы ақшаны ойламай, бұдан əрі қалай тіршілік ететініміз туралы ойлауымыз қажет”, – деді Ұлттық банк төрағасы.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары