Қазақстанда доллар қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты KASE қор биржасына сілтеме жасап.
2 қазандағы таңертеңгі жағдай бойынша, доллардың орташа құны 430,79 теңге болды. 1 қазанда шетелдік валютаның биржадағы бағасы 429,54 теңге болған еді.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар 432,44 теңге, шетел валютасын сатып алу - 429,05 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар 432,13 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу - 430,71 теңге.