$ 443.35  475.54  4.82

Дін өкілдері Астанадағы түрмеге барып, сотталушыларға уағыз айтты (ФОТО)

Астана қалалық әкімдігіне жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқармасымен, Қылмыстық атқару жүйесінің департаментімен қатаң режимдегі ЕЦ-166/10 түзеу мекемесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Шараға «Астана қаласының Дін Істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Д. Есин, «Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ басшысы, әділет полковнигі Н. Рысбаев және ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінің жетекшісі Нұрлан Әбен, сондай-ақ Астана қаласының діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

-Этникаралық және дінаралық келісім еліміз үшін маңызды әрі басты бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстанда діни сенім бостандығы бар,  дегенмен елдің әр азаматы заңға бағынуы тиіс. Түзету мекемелерінде сотталушылардың әлеуметтенуі үшін жағдай жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар ашықтық пен жалпы жаңғыртудың іске асырылуының дәлелі болып табылады. Бұл Елбасымыздың «Болашаққа бағдар» мақаласында да атап көрсетілген болатын, - деді Астана қ. Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Есин.

Шара барысында келген қонақтар түзеу мекемесінің барлық ғимаратын аралап көріп, ондағы жазасын өтеушілердің жағдайларымен, теологтың, психологтың т.с.с арнайы мақсаттағы кабинеттермен танысты. Мекеменің өндірістік аумағы мен шеберханасы кәсіби деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сол жерде жасалатын өнім қаланың абаттандырылуы үшінпайдаланылады. Осылайша сотталушылар қоғамның дамуына үлестерін қосады.

Онымен бірге түзеу мекемесінде демалу үшін бөлмелер мен кітапхана және спорт залы бар.

Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында дінаралық татулықты сақтау, деструктивтік діни ағымдардың таралыуының алдын алу, теріс ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде дін қызметкерлері шақырылып, сотталушылармен жеке және топтық кездесу өткізіледі.  

- «Дін – ол шынайы қарым-қатынас. Судың да сұрауы бар демекші біз әрбір ісімізге жауап береміз. Сондықтан да мейлі өзге дін өкілі болса да оған деген мәмілеміз дұрыс болуы қажет. Ислам дінінде дінаралық татулыққа аса мән береді. Дін мәселесінде толықтай хабардар болмайынша, қарапайым халқымыз әртүрлі деструк­тивті діни ұйымдардан зардап шегуді доғармасы анық. Деструктивті ағымдардың кері әсерінен еліміздің тұрғындарын қорғап қалудың өте тиімді әрі нәтижелі жолы – ақпараттан­дыру» деді «Нұр-Астана» орталық мешітінің найб имамы Әділхан Серікбай.

- Бұл шара өте пайдалы әрі ортақ үйіміз Қазақстанның бір бөлшегі болған Сіздердің уақытша үйлеріңіз, яғни осы мекемедегі жағдайларыңызбен толықтай таныстық, осындай жағдай туғызып отырған мекеме басшылығына алғысым шексіз, бұдан былай жиірек келіп кездесіп тұруға уәде беремін» деді Рим-католик шіркеуінің епискобы Томаш Петта Бернард.

- Православ шіркеуінің өкілі, Астана қаласының Серафим-Саровский храмының архимандриты отец Иоасаф  бұл мекемеге ай сайын келіп жазасын өтеушілермен кездесіп тұратындығын, және кездесу барысында дінаралық татулықтың маңызды фактор екендігін әрдайым айтатындығын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары