13.06.2018, 18:31

«Даналыққа ұмтылудың орнына ұсақталып барады»: Қайрат Нұртастың әйелі тыңдармандарына ренжіді

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова өзін «мақтаншақсың» деп сынағандарға жауап берді.

Отбасымен Түркияда демалыста жүрген актрисаның жүйкесіне оқырмандарының ауыр сөздері тие бастаған сыңайлы. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі актрисаны және оның жақындарын балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер жазып жіберетін көрінеді.

«Қазіргі заманда адамзат даналыққа ұмтылудың орнына керісінше ұсақталып барады. Өкінішті-ақ. Біз тәуелсіз болашақ ұрпақ тәрбиелеудеміз, оларға үлгі бола білу керекпіз. Өмірді қиындататын Сіздің түпкі санаңыз, бұған ешбір қоғам, заман кінәлі емес. Мен кейбір адамдарды түсінбеймін. Егер сізге мезі болсақ, неліктен біздің отбасымыздың аккаунтына кіріп, бар "ақылдарын" бізге ғана жазады? Тағы тек жазып ғана қоймай ұырсып та, балағаттап та алады екен», – деп жазды Жұлдыз өзінің Instagram желісіндегі парақшасына.

Сондай-ақ, Қайраттың келіншегі шетелде тек өздері ғана қыдырып жүрмегенін айтып, желі қолданушыларынан өзін бей-берекет сөкпеуге шақырды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Ай мен күннің аманын да, қазіргі заманауи таң да, адамзат даналыққа ұмтылудың орнына керісінше ұсақталып барады? өкінішті-ақ?... Біз тәуелсіз болашақ ұрпақ тәрбиелеудеміз, оларға үлгі бола білу керекпіз☝️. Өмірді қиындататын Сіздің түпкі санаңыз, бұған ешбір қоғам, заман кінәлі емес.!Мен кейбір адамдарды түсінбеймін?егер (надоел, мозоль,аллергия?, мақтаншақ, уродка, много стало, не интересно, устали, дети только у тебя что ли и т.д и т.п) ? болса неліктен біздің отбасымыздың аккаунтына кіріп, ішіндегі бар "ақылдарын" бізге ғана жазады, тағы тек жазып ғана қоймай ұрсып та, балағаттап та алады екен ә ???? Түсінер едім, егер де ✈️та біз ғана ұшсақ, ??Елінен жалғыз біз отбасымызбен ғана шет елде кезекті демалысын өткізіп жатсақ ?... ал, енді ойлаңыз ???бізбен бірге✈️, и то 1-ақ ☝️рейстің өзінде тола қазақ отбасы келді( не говоря о других рейсах и авиакомпании). Сондағы сол кісілердің демалуына біздің бір септігіміз тиген жоқ ғой? , олар да асып-тасып бара жатқаннан демалуға келген жоқ болар, бұл деген миға сыймайтын бос әңгіме??‍♀️. Бірақ, Сіздің түпкі санаңыз бен ішіңіз жақсы біледі де, сезеді сол пікіріңіздің нормаға сәйкес емес екенін. Десе де, Сіз сол пікірді фото-видеоның астына ?тастап кетесіз. Мейлі солай-ақ болсын, дегенмен жазбаңыздан кейін артынан бақылап көрдіңіз бе, не өзгерді?!..... ?,?, ?,?, ?,?орнында (біз бәрібір ??‍♀️??‍♂️???????), тек Аллаxтың алдына барғанда әркім өзі үшін жауап бере алса болды!☝️ #әйтеуіраманболыңыздар #бәрібірбізсіздергебақыттілейміз? #ипобольшепозитива? #thelandoflegends #rixosmoments

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.