19.10.2018, 11:37

«Маған келгенде дау болады»: Төреғали өзіне қатысты шуға жауап берді

Төреғали Төреәлінің соңғы уақытта дау-дамай мен шудың ортасында жүргені өтірік емес. Тіпті, қазір халық танымал әншінің әр басқан қадамын байқайтын сыңайлы. Осы мәселеге қатысты әнші «Түнгі студия» бағдарламасында жауап берді деп жазады.

Төреғали соңғы уақытта шудың ортасында жүргеннен шаршағанын айтты. Ол өзінің әрекеттері қалайша жаңалыққа айналып кететінін түсінбейтінін жеткізді.

«Маған мән бермей-ақ қойса екен. «Қит етсе, хит болады» дегендей, күнде азанда тұрғанда бір жаңалық болып жатады. Оны жасаған болып шығасың. Ол, әдетте, бүкіл адам жасап жүрген тірлік. Маған келгенде ол жаңалық болып кетеді», - деді әнші.

Сондай-ақ, халықтың еркесі секунд сайын сынға ұшырайтынын айтты.

Төреғали Төреәлі осы жетістікке жеткізген Құдай мен ел-жұртының бар екенін де сөз етті.

«Әуелі Құдай, содан соң ел-жұртымыз бар қолдап тұрған. Жақсы десін, жаман десін. Өзегімізден тепсе де, өз еліміз ғой. Елемей, ескерусіз қалғаннан гөрі солай болғаны жақсы», - деді Төреғали.

Әнші бала кезден кино түсіруді армандағанын да айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлі жақында ғана «Эйр Астана» ұшағына рұқсатсыз кіріп, шу шығарған еді.

Бұл жағдайдан соң, «Эйр Астананың» үш қызметкері мен Төреғали Төреәліге айыппұл салынған.

Ақтөбеде өткізген концертінде де әнші даудың ортасында қалған.

Одан бөлек, отандық эстрада жұлдызының ел аузында жүрген шуға толы оқиғалары көп деуге болады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.