Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

13.11.2018, 18:20

Бекзат Саттарханов туралы телесериал жарық көреді

2019 жылы марқұм болған белгілі боксшы Бекзат Саттарханов туралы ғұмырналық телесериал жарық көреді. Бұл туралы «Хабар» телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінде «Хабар» агенттігі боксқа қатысты бірнеше авторлық жобаларды түсіруді қолға алуда. Атап айтсақ, Олимпиада чемпионы, біздің мақтанышымыз Бекзат Саттарханов туралы ғұмырнамалық толықметражды фильм түсіруге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, жуырда еліміздің бокс федерациясының 85 жылдығына арналған деректі фильмді көрсетеміз. Одан бөлек, АҚШ-та жүріп отанымыздың намысын қорғап жүрген боксшылар туралы деректі туынды жасау да жоспарда бар», – деді «Хабар» телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек. 

Бас продюсер аталған жобаларды түсіру телеарна көрермендері алдындағы үлкен жауапкершілік екендігін айттты.

«Саттархановқа қатысты жоба 2 тілде түсіріледі. Онда боксшының өмірбаяны мен үлкен спорттағы жеткен жетістіктері туралы баяндалады. Алдымен 5 бөлімнен тұратын сериал ретінде түсіру жоспарлануда, одан бөлек ғұмырнамалық толық метражды фильм түсіріледі. Бүгінде телетуындыны түсіруге дайындық яғни, боксшының ата-анасымен және бапкерлерімен келіссөз жұмыстары жүріп жатыр. Фильмді танымал режиссер Мұрат Бидосов түсіреді және ол өз көрермендеріне 2019 жылы жол тартады», – деді ол.

Сонымен қатар, телеарна продюсері фильмді түсіруге еліміздің танымал боксшылары кеңесші ретінде тартылатынын және оның негізгі бөлімі спортшының туған жері Түркістанда түсірілетінін айтты.  

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.