$ 494.87  520.65  4.91

«Әкемде жаман ауру пайда болды»: әке-шешесін еске алған Марат Оралғазин эфирде жылап жіберді (ВИДЕО)

«Гәкку» арнасынан шығатын «Если честно» бағдарламасында ата-анасын еске алған әзілкеш Марат Оралғазин эфирде көз жасына ерік берді. 

2006 жылы Оралғазиннің анасы жол апатынан көз жұмған. Ол кезде әзілкеш небәрі 22 жаста болыпты. 

«Өте ауыр нәрсе.  Енді, жазғаны сол. Қасымда достарым бар. «Өмір өмір болмайды түңілуге, Қайта тұрып хақың бар жүгіруге» деп ол Мақатаевтың өлең жолдарын оқып, жылап жіберді. 

Анасы өмірден өткеннен кейін 2 жылдан соң Оралғазин әкесінен айрылыпты. 

«Одан кейін күйзеліс бар, ер адам деген қиын ғой. Жұбынсыз өмір сүру қиын. Менің ойымша, әкемде жаман ауру пайда болды. Сөйтіп екі жыл араға салып, ол кісі де кетті» ,–  дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары