$ 443.35  475.54  4.82

Ресейде 13 жасар қыз мектепке тапанша әкеліп, сыныптастарын атып тастады

Ресейдің Курган облысы Шадринск қаласындағы мектептің 13 жастағы оқушы қызы пневматикалық тапаншадан атып, салдарынан жеті адам зардап шеккен. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, полиция өкілдерді тапанша оқушы қыздың әкесінікі деп мәлімдеген. Оқиға болған жерде тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Znak.com басылымының жазуынша, шабуылды үш оқушы қыз жоспарлаған: бірі мұғалімді алдаусыратып тұрған сәтте екінші қыз кабинеттің есігін жауып тастаған.

Бұл сәрсенбіде Ресей мектептерінде болған жалғыз төтенше оқиға емес. Мәскеу маңындағы Волоколамск қаласындағы мектепте белгісіз біреу жас ағызатын газ шашып, салдарынан 39 оқушы зардап шеккен деп хабарлады "Интерфакс".

2018 жылы қаңтарда Ресейде екі мектепке қарулы шабуыл жасалған болатын. Пермь қаласында жасөспірімдер төртінші сыныпта оқитын шәкірттерге сабақ үстінде пышақпен шабуылдап, 15 адамды жаралаған. Улан-Удэ қаласында тоғызыншы сынып оқушысы оқу кабинетке жанғыш затпен от қойып, жеті адамды балтамен ұрып жаралаған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары