09.07.2018, 15:29

Белгілі тележүргізуші Сәуле Әбединова өзіне қастандық жасалғанын айтты (ФОТО)

Белгілі тележүргізуші Сәуле Әбединова Қытайдан балалары үшін шекараны кесіп өтіп істі болған Сайрагүл Сауытбайдың сотына Жаркентке арнайы барған. Қайтар жолда журналист өзіне әдейілеп біреулердің тұзақ құрғанын айтты. Бір сөзбен айтқан көліктегі 5 адам бір ажалдан аман қалыпты.

"Тарқатып айтайын. Серікжан Біләшұлының "Ниссан" көлігінде 5 адамбыз: Серікжан, Нұргелді, Ардақ, Еркін деген студент бала (ол да басына іс түсіп жүрген оралман) және мен. Рульде - Нұргелді.

160-170 шақырымға жеткенде жап-жаңа автобанның қақ ортасында қарайып екі нәрсе жатыр. "Мәссаған!.. Енді не болар екен..." деп ойладым", - деп бастады сөзін ол.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші тоқтап үлгермей, көліктің асты темірге соғылыпты. Артқа шегініп барса, әлгі темірлер КаМАЗ домкраты боп шыққан.

"Ойбуй, біреулер камазының дөңгелегін ауыстырып, домкраттарын ұмытып кеткен ғой... жолдың шетіне, көрінетін жерге шығарып қояйық, іздеп келетін шығар..." дейді Серікжан.

Нұргелді еңкейіп көліктің астына қарады да, "оське пышақпен кесілгендей сызық түсіпті" деді. Құдай сақтасын деп, бетімізді бір сипап, ары қарай жылжыдық.

Қысқасы, Жаркентке межелі уақыттан бір сағат кешігіп жеттік. "Жол азабын жортқан білер..." деген осы.

Аман-есен келген соң, екі домкраттың дәл екі жолақтың қақ ортасында, не ары, не бері қашу мүмкін еместей есеппен, қолмен қойғандай орналасуы бәрімізді әртүрлі күдік-күмәнға жетеледі. Сөз соңында "бұл, дәу де болса, бізге арнайы жасалған қастандық" деген қорытындыға келдік", - деп сөз аяқтады Әбединова.

Айта кетейік, Сайрагүл Сауытбай Қытайдан Қазақстанға заңсыз өтті деп айыпталып, қазір тергеліп жатыр. Жуырда оның мәселесі сотта шешілетін болады. Әйел кінәлі деп табылса, Қазақстан соты оны Қытайға ұстап беруі мүмкін. Ал, қытайда Сайрагүл өзін өлім күтіп тұрғанын айтады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Сайрагүлдің сотына Жаркентке кеп жеттік. Шынымды айтсам, аман жеткенімізге шүкір деп, садақа атап отырмыз... жол ауыр болды... Таратып айтайын. Серікжан Біләшұлының "Ниссан" көлігінде 5 адамбыз: Серікжан, Нұргелді, Ардақ, Еркін деген студент бала (ол да басына іс түсіп жүрген оралман) және мен. Рульде - Нұргелді. 160-170 шақырымға жеткенде жап-жаңа автобанның қақ ортасында қарайып екі нәрсе жатыр. "Мәссаған!.. Енді не болар екен..." деп ойладым. Көлікті 140-150 ш/сағ. жылдамдықпен құйғытып келе жатқан Нұргелді рульді солға бұрса қарсы жолды бөліп тұрған бардюрді соғып, қарсы жолға шығып кетуі мүмкін. Оңға бұрса, қарайып жатқан нәрсенің біріншісінен қашқанымен, екіншісі дөңгелектің дәл тұсына келеді. Мен алдында отырмын, бәрін байқап келе жатырмын... Алғашында мен ол қарайған екі нәрсе жолда өліп жатқан ит па, құс па деп ойладым. Ойлап үлгергенімше, дәу екі темір екенін көріп, түсініп үлгердім. Демімді ішіме тартып, "бісміллә, бісміллә" деп бір Аллаға, сосын Нұргелдінің дұрыс шешім қабылдауына ғана іштей жүгініп үлгердім. Көзді ашып-жұмғанша болатын, көзді ашып-жұмғанша бүкіл өмірің көз алдыңнан өтетін сәт... Тек паникавать етпейін, Нұргелдіге кедергі жасамайын деп ойлап, демімді ішіме тартып, екі көзім жолдың ортасындағы екі темірде. Нұргелді бірінші темірді ортаға алды... Сол сәтте өте қатты, қорқынышты, темірдің темірге сондай қатты күшпен ұрылған "ТАРС" еткен дыбысты естіп үлгердік... Тормоз басуға болмайтын жолақта ақырындап тормоз басып, инерциямен біраз жерге жылжып барып, тоқтадық... Бәріміз шошып кеттік... "Бісміллә... бісміллә..." деп қайталай бердік... "Аварийканы" қосып, артқа қарай жүріп барып, жігіттер түсіп қарады. Ол екі темірдің КамАЗ домкраты екенін сонда бір-ақ білдік. Бірі қара, бірі қызыл. Бәріміз "шок" боп жүріп, суретке түсіріп алуды да ойламаппыз. Серікжан жүр: " Ойбуй, біреулер камазының дөңгелегін ауыстырып, домкраттарын ұмытып кеткен ғой... жолдың шетіне, көрінетін жерге шығарып қояйық, іздеп келетін шығар..." дейді. Бәріміз солай ойладық. "Талай көлік өтіп жатыр. Егер мен осыған соғылмай аман өтсем де, тоқтап, жолдан алып тастар едім... өзгелердің өміріне қауіпті болады-ау деп ойлайтын бір мұсылман болмай (жалғасы комменте)

Публикация от Сәуле Әбілдаханқызы (@saule_abedinova)

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.