21.09.2018, 10:14

«Қорғаста» шекарашының жағын сындырған жігіттің кім екені белгілі болды (ВИДЕО)

«Қорғаста» шекарашы аяусыз соққыға жығылды! 25 жастағы ефрейтор рұқсат қағазынсыз өтіп кеткісі келген кісіні тоқтатпақ болған екен. Алайда ол адам жауынгердің өзін жұдырықтап, жағын сындырған. Қатты соққыдан тілін жұтып қойған шекарашыға сол арада жүрген саудагерлер мен туристер көмекке келген. Ал қырғын шығарған басқа емес, «Қорғастың» өз қызметкері боп шықты деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Оқиға кешкі бестер шамасында болған. Күтпеген соққыдан шекарашы есінен танып құлаған. Басы жарылып, қан-жоса болған оны алғашқыда бәрі өлдіге санапты.

Тек біраз уақыттан кейін қана барып ефрейтор есін жиды. Куәгерлердің айтуынша, «Қорғастың қызметкерімін» деген бәз біреу құжатсыз, әрі кезекке қарамай, баса-көктеп өтіп кетпек болған екен. Алайда, шекарашы оған тосқауыл жасаған. Сөйтіп, арада ерегіс туған. Қатты соққыдан тілін жұтып қойған Нұржан Молдашқа сол арада жүрген саудагерлер көмекке келді. Кейін белгілі болғандай, 25 жастағы жігіттің миы шайқалып, жағы сынған екен.

Қазір ауыр жағдайда Жаркенттегі Панфилов аудандық орталық ауруханасында жатыр. Оны Алматыдағы госпитальға жеткізу мәселесі шешілуде.

Камераға сөйлеуден бас тартқан «Қорғастың» басшылары болса, керісінше, таяқ жеген шекарашыны кіналап отыр. Айтуларынша, төбелесті ефрейтордың өзі бастаған. Десе де, жауынгердің жағын сындырған 27 жастағы Әзілхан Әзімхан қамауға алынды. Қытай тілінің аудармашысы боп істейтін жігіт, әрі қоян-қолтық күрестен чемпион көрінеді. Ал жанжалға бірден-бір себеп болған «Қорғастағы» кезек болса, өрши түспесе, сол күйі тарамаған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.