$ 444.22  476.38  4.82

Оралда жоғалып кеткен 23 жастағы қыз өлі табылды

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 23 жастағы қыз өлі табылды Танитындар бойжеткенді соңғы рет «Ғылыми-техникалық кітапхана» маңында көрген деп жазады NUR.KZ.

Карина Дустанова жолда өзін Ақсайға жеткізіп тастайтын көлікті күтіп тұрған.

«Каринаның жанында 32 жастағы Еркін Нұрғалиев болған. Ол да табылмай жатыр», - дейді марқұмның туыстары.

24 қыркүйек күні қыз өлі табылды. Қазір қылмысқа күдікті ретінде 1986 жылғы ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Туыстары Каринаны 26 қыркүйек күні жер қойнына тапсырады. Марқұмның артында бір баласы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары