$ 443.35  475.54  4.82

Қостанайда нан ішінен шыққан ағаш оқушының тамағына тұрып қалды: кінәлілер жазаланды

Қостанайда 14 жастағы жасөспірім нанның ішінен шыққан жаңқаны жұтып, жапа шеккені үшін наубайхана өкілдері моральдық зиян келтіргені үшін ақы төлейді деп жазады Tengrinews.kz.

«Пасечник» ЖК моральдық зиян келтіргені үшін 50 мың теңге өтемақы, адвокаттың және мемлекеттік баж қызметіне жұмсалған шығындарды өтеуге міндеттелді. Жәбірленуші тарап арызда 300 мың теңге талап еткен.

«Сот шешім қабылдаған кезде айыпталушы өзінің кінәсіздігі туралы дәлелдемелер ұсынбағанын ескерді. Тұтынушылардың құқығын бұзу фактісі анықталды. Екі тарап Қостанай облыстық сотына бір айдың ішінде шағым бере алады», - деді Қостанай қалалық сотының судьясы Әлібек Тлеушев.

Үкім шығару отырысына наубайхананың ресми өкілі мен басшылары келмеді. Мұның алдында наубайхана заңгері жеке кәсіпкердің денсаулығы қазір нашар екенін ескеруді айтқан.

«Соттың шешімі қанағаттандырды, біз үшін ақша маңызды емес. Бастысы, наубахана кінәлі атанып, енді жазасын өтейді», - деді зардап шеккен қыздың анасы Наталья Масальская.

Сот үкімін шығару отырысында жауап беруші сол қалпы кінәсін мойындамады.

Наубайхана өкілдері дәлелді дерексіз болжам деп отыр. Себебі табылған жаңқаға сараптама жүргізілмеді. Жауап берушінің ойынша, бұл белгісіз зат кеуіп қалған нанның қалдығы секілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары