$ 442.05  474.14  4.74

Өскеменде жүргізуші 61 жастағы ер адамды қағып өлтіріп, қашып кетті

14 қазан күні таңертең Өскеменде жүргізуші 61 жастағы ер адамды қағып, өзі қашып кетті деп жазады yk-news.kz.

Оқиға таңғы сағат 6:45-те Сәтбаев даңғылында болған.

«Жүргізуші 61 жастағы ер адамды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен. Жедел істестіру шарасы барысында 57 жастағы тұрғын ұсалды. Ол Volkswagen автокөлігін тізгіндеген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - дейді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары