17.10.2018, 17:51

Төмен пайызбен ипотека беретін жаңа бағдарлама іске қосылды

«Қазақстанның ипотекалық компаниясы» (ҚИК) екінші деңгейлі банктермен бірге жаңа ипотеканы іске қосады. Бұл жайында бүгін Алматыда ҚИК басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов айтты деп жазады Sputniknews.kz.

Оның айтуынша, «Орда» ипотекалық өнімі – алдыңғы қатарлы елдердің ұзақ жылғы тәжірибесінің жемісі.

Жаңа ипотеканың шарты мұндай: қарыз алушы кірісін толық растаған жағдайда қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 12% болады, ал жартылай растағанда — 14%. Ең жоғары несие сомасы – 40 миллион теңге, ипотеканы 20 жылға дейін ресімдеуге болады. 

«Бастапқы жарнаны ақшамен төлеуге болады. Ал бастапқы жарна болмаса, қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүлікті кепілге қою мүмкіндігін қарастыра аламыз», – дейді Мұхамеджанов.

Қазақстанның 16 қаласында да бұл ипотеканы ресімдеуге болады. Жаңа ипотека авторларының мәліметінше, бұл нарықтық өнім, сондықтан басқа ипотекалық бағдарламалармен тең жағдайда жұмыс істейтін болады.

«Орда» ипотекасын алғысы келетін клиенттер Қазақстанның ипотекалық компаниясының серіктес банктеріне өтініш жазады. Өтінішті банктер ҚИК компаниясына жолдап, шешім қабылданады.

Жаңа ипотекалық өнім қазанның соңына дейін іске қосылады.

ҚИК басқарма төрағасының сөзіне сүйенсек, 2018 жылдың соңына дейін 4 миллиард теңге сома көлемінде ипотекалық несие беру көзделген. Жоба сәтті шықса, келесі жылы қаражат көлемі он есе ұлғаяды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.