Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

30.10.2018, 15:37

Төрт жасар Сырымның ата-анасы қайырымды жандардың балаларына көмек қолын созуын сұрайды

Төрт жасар Сырымның ата-анасы қайырымды жандардың балаларына көмек қолын созуларын сұрайды.

Бала сәулелік терапия арқылы емделуі қажет.

Алайда оның ата-анасында осындай ем қабылдау үшін төлейтін қаражат болмай отыр.
Маусым айында төрт жасар Сырымның миында ісік бар екені әрі осы дерттің меңдеп бара жатқаны анықталған болатын. Қазіргі уақытта бала Испанияда ем қабылдап жатыр. Осыған орай оның ата-анасы балаларының емделу ақысын төлеуге көмектесуді сұрайды.

Санкт-Петербургте оған бас миының диффузді глиомасы деген ықтимал диагноз қойылған болатын.

Сырымның әкесі Жадан Бисенбиннің айтуы бойынша олар әр елдің клиникаларына хабарласқан екен, ақыр аяғында мәселені шешудің жалғыз жолы Испанияның Памплон қаласынан табылған.

«Испанияда бізге емдеудің эксперименттік жолы ұсынылды. Осылай емдеу гендік-модификацияланған вирусты енгізудің нәтижесінде кейбір қатерлі ісік жасушаларын жоюға мүмкіндік береді. Осыдан кейін барып протонотерапия жүргізу талап етіледі. Осының бәріне бізге қомақты ақшалай қаражат қажет»,- деп жазды ол Инстаграм парақшасына.

Алайда Испанияның Наварра қаласындағы Университет клиникасына келген кезде дәрігерлердің емдеудің экспериментальдық тәсілін қолдана алмайтыны анықталды. Өйткені МРТ нәтижесінде баланың миындағы ісіктің ұлғайып, мидың гидроцефалияға ұшырағаны байқалған.
Сырымға гидроцефалия алу үшін миға шунттау операциясы жасалды. Оның жағдайы тұрақтанғаннан кейін сәулемен емдеу терапиясы тағайындалған.

Бала әкесінің айтуынша оларға осы терапияны жүзеге асыру үшін әлі де 40 мың евро жетпейді.
«Ақшасын төлемесек баламызды одан әрі емдеу тоқтатылады. Достар, біздің отбасымызға баламыздың дертінен айығуы үшін көмектесулеріңізді сұраймыз. Баламыздың осы қатерлі дертті жеңуіне жәрдемдессеңіздер екен» деп өтінеді Жадан Бисенбин.
Баланың ата-анасы Сырымның сауығып кетуі үшін дұға арнап, тілектес болуды сұрайды. Шунттау операциясынан кейін оның өзбетімен тыныс алуы қиындай түскен.

Көмектесуге арналған деректемелер:
КазКом банк 4904 7252 8530 7170
BISSENBIN ZHADAN
Бисенбин Жадан Амирханович

Халық банк 4390 8782 0416 6580
ЖСН 861218301232 BISSENBIN ZHADAN
Бисенбин Жадан Амирханович

Каспи голд: 5169 4931 8616 4938
ЖСН: 861218301232 BISSENBIN ZHADAN
Бисенбин Жадан Амирханович

VTB банк: 4893 3370 0046 9369 BISSENBIN ZHADAN Бисенбин Жадан Амирханович
КазКом банк 4003 0327 5608 8094
BISSENBIN ZHADAN
Бисенбин Жадан Амирханович

QIWI-кошелек: +77014142222

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.