Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


01.11.2018, 16:16

Танымал продюсер бойжеткенді төсек қатынасына түсуге мәжбүрлеген

Польшалық бұрынғы модель танымал кинопродюсер Харви Вайнштейнді айыптап, 16 жасында одан сексауалдық зорлық көргенін жайып салды деп жазады New York Post.

Өз есімін жарияламаған әйелдің сөзінше, 2002 жылы ол жас актриса ретінде фильмге түскісі келген. Сол кезде Вайнштейн өзімен бірге түскі ас ішуді ұсыныпты. Алайда продюсер оны мейрамханаға емес, өз пәтеріне алып барған. Әйелдің айтуынша, сол жерде продюсер оны қорқытып, төсек қатынасына түсуге мәжбүрлеген. Алайда бойжеткен оған қарсы шыққаннан кейін Вайнштейн қатты ашуланып, оны пәтерден шығармай қойыпты. Артынша сабасына түскен.

Продюсер мұнан кейін де жас актрисаны төсекке тартпақ болған. Алайда бойжеткен бас тартыпты. Айтуынша. Сол кезде Вайнштейн оған ешқашан актриса бола алмайтынын айтқан. Десе де бойжеткен мұнан кейін де онымен фильмге түсу туралы талқылағанын жасырмады.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың ықпалды кинопродюсерлерінің бірі Харви Вайнштейн әйелдерге сексуалдық зорлық көрсетті деп айыпталып, Голливудта дау туындаған еді. Продюсерден зорлық көргенін айтқан актрисалардың ішінде Анджелина Джоли, Ума Турман және Эшли Джадд бар. Мұнан кейін Вайнштейн өз компаниясынан қуылып, артынша Нью-Йорк билігі оған қатысты тергеу амалдарын бастады.

Дереккөз: Stan.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.