14.11.2018, 15:40

Астанада мектепке «бомба қойған» оқушы ұсталды

Бүгін Астана қаласында №22 мектептің директоры 102 каналына хабарласып, ғимарат ішіне бомба қойылған болуы мүмкін екенін айтты. Яғни директорға белгісіз адам қоңырау шалып, мектептің сағат 11 шамасында жарылатынын жеткізген. Көп ұзамай терроризм туралы жалған хабар берген күдікті ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері мектепке бірнеше минутта жетіп, оқушылар, педагогтер және өзге де мектеп қызметкерлері – 1800 адамды қауіпсіз жерге көшірді. 

«Сағат 10:05 шамасында тексеріс аяқталды. Объект ішінде қауіпті және тыйым салынған заттар табылмады. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде жасөспірім ұсталды. 15 жастағы оқушы өрт туралы өзінің хабарлағанын мойындады. ҚР ҚК 273-бап «Терроризм актісі туралы жалған хабар беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», – делінген Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Қазақстан Республикасында мұндай қылмыс үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 273-бапқа сәйкес, азамат алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 80-бабына сәйкес, кісі өлтіру, денсаулыққа әдейі зиян келтіру, зорлау, бұзақылық, ұрлық, тартып алу, терроризм актісі, терроризм актісі туралы жалған хабар тарату сынды қылмыстар үшін жасөспірімдер 14 жастан бастап жауапкершілікке тартылады.

«Жаңа техникалық құрылғылардың арқасында осы секілді қылмыстарды ашып, кімнің жалған хабар бергенін анықтау қиын емес», – деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.