14.11.2018, 18:16

Ақтөбеде қайтыс болған 8 жасар қыздың інілері ауруханаға түсіп қалды

Ақтөбеде жедел жәрдем жеткенше мектеп оқушысы Інжу Жанкина қаза болған еді. Қазір оның екі бауыры ауруханада жатыр деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы балалар клиникалық ауруханасына Інжу Жанкинаның екі бауыры түсті. Қазір 2 жастағы Тарғын мен 4 жастағы Нұрбақыт ем қабылдап жатыр. Олардың да аяқ-қолы құрысып, мазасындана бастаған.

«Балаларым бауырының өлімін өз көзімен көрген соң көп жылап жүр. Тіпті, Нұрбақыт «Інжуді алып кел, ол тірі» деп жиі айтады, мені жұмсайды. Ауырып емхана барған кезде бізді ауруханаға жіберді. Қазір балалардың жанында әкесі бар», – деді анасы Динара Баймағамбетова.

Ауруханаға «аяқ-қолы құрысады» деп түскен балалар қазір дәрігерлердің бақылауына алынды. Балалардың жағдайы - орташа ауыр. 

«Балаларға диагностикалық тексеру жүріп жатыр. Аяқ-қолы құрысу белгілері байқалмайды, жағдайлары орташа ауыр. Педиатр да қарап шықты. Бұрыннан қаныаздық белгілері бар. Келесі аптада үйлеріне жіберілуі мүмкін. Негізі құрысу белгілерінің себебі көп. Әзірге нақты себебін айта алмаймыз», – деді аурухананың бас дәрігері Наталья Головырина.

Еске салсақ, 7 жастағы Інжу Жанкина жедел жәрдем жетпей үйінде көз жұмды.  Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы комиссия құрып, жедел жәрдемнің кеш жеткенін мойындады. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.