13.01.2019, 11:37

Ақтауда жедел жәрдем мен көлік жүргізушісі жолға таласып қалды (ВИДЕО)

Ақтауда жедел жәрдем көлігі мен Jeep Grand Cherokee маркалы жеңіл көлік жүргізушісі жолға таласып, екеуінің арасында кикілжің туған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев хабарлады.

Оқиға 12 қаңтар күні сағат 10:00 шамасында болған. Жедел жәрдем көлігіне жеңіл автокөлік жүргізушісі жол бермей, балағат сөздер қолданыпты.

«Жедел жәрдем станциясына сағат 09:30 кезінде қоңырау түсті. Дәрігерлер хабарланған мекен жайға барып, науқасты Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізген. Содан кейін жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі 1- шағынауданына қарай қайтып келе жатқан. Сол уақытта автокөлік жүргізушісі екеуі жолға таласып, арада кикілжің туады. Жедел жәрдем көлігі алдында тұрған автокөлікке белгі білдірген. Алайда, Jeep Grand Cherokee автокөлігінің жүргізушісі оған жол беруді міндет санамапты. Одан қалса балағат сөздер қолданған. Бұл туралы видео полиция қызметкерлеріне жіберілгеннен кейін ғана оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», - дейді баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

Дереккөз: lada.kz

 

 

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.