Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

12.02.2019, 11:44

Атақты Қара майор өмірден озды

Алматыда 12 ақпан күні таңертең Ауғанстан соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-отрядтың командирі, отставкадағы полковник, Қара майор деген атпен белгілі Борис Керімбаев ұзаққа созылған дертінен қайтыс болды деп жазады Sputniknews.kz.

Борис Керімбаев Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 30 жылдығы қарсаңында, 71 жасқа толғаннан кейін бір ай өткен соң өмірден озды.

Аты аңызға айналған Қара майор туған күнін ауруханада ауыр сырқатынан емделіп жатып өткізген еді.

11 ақпанда Қара майордың палатасында Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев болды. Ол Борис Керімбаевты кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының 30 жылдығымен құттықтап, ҚР әскери барлауы алдындағы еңбегі үшін «Алтын үкі» төс белгісін тақты, деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс министрлігі.

Борис Керімбаевтың қазасы туралы ақпаратты Алматы қаласы қорғаныс істері департаменті мен ауған ардагерлерінің ұйымдары растады.

Қара майормен қоштасу күні мен уақыты кейінірек хабарланады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.